Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Оған қатысты бірінші сот отырысы өткен аптада болған 

Фото: ашық дереккөзден

Ертең, 20 қыркүйек күні Астанада Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот отырысының жалғасы болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Дереккөзге сүйенсек, сот отырысы ашық болады және оған онлайн-трансляция арқылы БАҚ өкілдері сотқа қатыса алады. 

«Ресми мәлімет бойынша іс қалалық сотқа бүгін келіп түскен. Ал сот отырысы ертең сағат 15-де, онлайн режимде басталады», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді.

Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың 13 наурызында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.