Еліміздің басым бөлігінде күн райы құрғақ және шуақты болады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 20-22 қыркүйектегі ауа райы болжамына жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы қалыптасып отыр.
«Түнгі уақытта әлі де салқын болғанымен, күн біртіндеп жылынып, термометрлердің күндізгі бағаналары бүкіл Қазақстан бойынша 23-30 градусқа дейін жоғарылайды», - делінген хабарламада.
Тек батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.