Оралда жасөспірім қызға әдепсіз қылық көрсеткен тұрғын ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Оралда жасөспірім қызға әдепсіз қылық көрсеткен тұрғын ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні таңертең қоғамдық көлік аялдамасында болды.

Instagram желісінен мәлім болғанындай, аялдама маңына көлікпен келіп тоқтаған ер адам 15 жастағы жасөспірім қызға қатысты әдепсіз әрекет жасаған.

«БҚО полиция департаменті қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 1987 жылы туған ер адамды анықтады. Тәртіп бұзушының әрекеті бұзақылық ретінде сараланып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.