Қошанов: GGG – қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтеріп жүрген даңқты спортшы

Автор: Azattyq Rýhy

Головкин ертең Сауль Альвареспен жұдырықтасады

Парламент Мәжілісінің спикері, AMANAT  партиясының төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге ертеңгі болар жекпе-жегіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қадірлі қазақстандықтар! ​Өздеріңізге мәлім, ертең әлемдегі ең үздік боксшының бірі, отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші рет шаршы алаңда кездеседі.

GGG – қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, елдің абыройын асқақтатып жүрген даңқты спортшы.

​​​Алдағы тартысты жекпе-жекте жерлесімізге жеңіс тілейік және жанкүйер болайық!» – деп жазды Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, ертең, яғни 18 қыркүйек күні (Астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді.