Қаракөлге қап-қара су төккен компанияға айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта көлге жаман судың түсуі тоқтатылды

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында Қаракөлге қап-қара су төккен компанияға айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

Ведомствоның хабарлауынша, уақытша вахталық қалашықта жұмыс кезінде жер асты суы жер бетіне көтеріліп, Қаракөлге аққан.

«Аталған факті бойынша инспекция Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес мердігер ұйымға қатысты хаттама толтырып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Қазіргі уақытта көлге жаман судың түсуі тоқтатылды, жер асты суы арнайы техникамен сорылып, басқа жаққа апарып төгілуде», - делінген ресми хабарламада.