Жол апатының себептері анықталып жатыр
Павлодар облысында өрт сөндіру машинасы аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Шарбақты ауданы, Бауыртал орман шаруашылығында ойыққа барар жолда жол апаты орын алды. Өрт сөндіру машинасы ағашқа соғылып, аударылып қалды. Оқиға салдарынан 1985 жылы туған хим.жауынгер Е. оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Шарбақты ауданының әкімдігі.
1960 жылы туған жүргізуші ауыр жағдайда аураханаға түсті.