Мердігер ұйымның жүргізушісі дизельдік отынды зауыт аумағынан заңсыз шығармақ болған
Атырау мұнай зауытында дизель отынын ұрламақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау мұнай өңдеу зауытының корпоративтік қауіпсіздік бөлімі мұнай өнімдерін автокөлікпен алып шықпақ болғандарды тоқтатты. 10 қыркүйек күні көлік қызметін көрсететін мердігер ұйымның жүргізушісі растайтын құжатсыз 5 текше метр дизель отынын зауыт аумағынан заңсыз шығармақ болған», - делінген хабарламада.
Ұрлық фактісі бойынша материал Атырау қаласы полиция басқармасына берілді.