Алматы облысында жасырын орыннан қару-жарақ табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қару-жарақ құрылыс қалдықтарының арасында жатқан

Көліктегі полицейлері Алматы облысында жасырын орыннан қару-жарақ тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласының маңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрылыс қалдықтарының үйіндісі аумағында теріге оралған 4 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық пен 12-ші калибрлі 22 патрон тауып, тәркіледі. Бұл туралы Департамент бастығы Оңал Бекеев айтты.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі, яғни қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді полиция генерал-майоры.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қару мен оқ-дәрілерді сақтауға қатысы бар адамдар анықталуда. Алынған заттай дәлелдемелер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген.

Тегтер: