Ақтөбе облысының әкімдігі сұйытылған газ тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Атқарушы билік өңірде сұйытылған мұнай газының жеткілікті қоры бар деп мәлімдеді

фото: okg.kz

Ақтөбе облысының әкімдігі сұйытылған газ тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі уақытта өңірде сұйытылған мұнай газының жеткілікті қоры бар. Сондай-ақ, өңірді сұйытылған газ қорымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі оны жеткізумен айналысатын компаниялармен келіссөздер жүргізді», - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Қыркүйек айында 12 тоннадан астам сұйытылған мұнай газы бөлінді. 6 284 тонна АГҚС және ГСО жөнелтілді.

«Өңірді сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесі Ақтөбе облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында», - деп көрсетті Ақтөбе облысы әкімдігі.