Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы қанша адам жұмысқа орналасты

Автор: Azattyq Rýhy

Жобаға 425 мыңнан астам адам қатысты

Фото: ашық дереккөзден

425 мыңнан астам адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты. 298 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 425,3 мың адам қатысты. 297,9 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 181,9 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.   

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 9,7 мың адам жіберілді.

Өз кәсібін бастау үшін 4,4 мың адам мемлекеттік грант алды», - делінген хабарламада.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 139,1 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,1 мың, жастар практикасымен 20,4 мың, қоғамдық жұмыстармен 100,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 329 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,8 мың адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 80,2 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.