Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Өзбекстанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр», - делінген БОРТ №1 Тelegram-арнасында.
Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.