Республиканың батысы мен шығысында жауын-шашын жаууы мүмкін
Синоптиктер 15 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР аумағының басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнгі сағаттарда тұман және үсік жүреді. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын болады, кейде жаңбыр мен сулы қар түрінде болады. ҚР басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауылмен күтіледі», - делінген хабарламада.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік шығысында, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абау облысының солтүстігінде 1-3 градус үсік сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттардан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +16+18°С болады.
Алматы қаласында күн райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С болады.
Шымкент қаласында ауа райы аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел шығыстан соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С болады.