Базаға жалған деректерді енгізген адам сол күйі анықталмаған
Қарағанды облысының Теміртау қаласында медицина қызметкерлері ауруханада қайтыс болған адамға коронавирусқа қарсы екпе "салған". Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен полицейлер кінәлі тұлғаны анықтай алмапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
59 жастағы қала тұрғыны өткен жылы маусым айында ауруханада көз жұмған. Толтырылған құжаттарға қарағанда оған келесі күні коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компоненті салынған болып шықты.
Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 385-бабымен іс қозғалғанымен тергеушілер кінәліні анықтай алмаған. Себебі ақпараттық базаға кіруіне медицина қызметкерлердің барлығына мүмкіндік берілген.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті осы жағдайды ескере отырып, базаға жалған деректер енгізген адамды дәл анықтау мүмкін болмады деп түсіндірді.