Жетісу облысында мотоцикл тізгіндеген 14 жастағы оқушы жол апатынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жеңіл көлікпен соқтығысқан жасөспірім оқиға орнында көз жұмған

фото: stan.kz

Жетісу облысында мотоцикл тізгіндеген 14 жастағы оқушы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға 14 қыркүйек күні Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында орын алды. Екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шыға бере оқушы Nissan Maxima автокөлігімен соқтығысқан.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала оқиға орнында қайтыс болды.

Бұл факті бойынша  ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Тегтер: