Қасым-Жомарт Тоқаев оны елорда әуежайында қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
«Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды», - делінген хабарламада.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.