$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» Партиялық бақылау комитеті МИБ-қа өтуге кедергі келтіріп отырған жайттарды анықтады

Бүгінде 42 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумды басқарудың жаңа нысанына көшті

«AMANAT» Партиялық бақылау комитеті МИБ-қа өтуге кедергі келтіріп отырған жайттарды анықтады

«AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында пәтер иелері кооперативтерін (ПИК) тарату және мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ) құру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшиннің айтуынша, 42 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумды басқарудың жаңа нысанына көшті.

«Республика бойынша шамамен 90%-ы көшіп үлгерді, алайда өзара есеп айырысу, материалдық құралдарды беру қиын жүріп жатыр. Барлық ПИК-тердің жартысына жуығы қаржыны бергілері келмейді, бұл қарсылық әлі де жалғасуда. Жақында біз тұрғын үй-коммуналдық сала бойынша тұжырымдама қабылдадық. Мәжілісмен Альберт Раудың бастамасымен заңнамаға 97 өзгеріс енгізілуде. Сондай-ақ «Е – Шаңырақ» ақпараттық жүйесін міндетті етуді ұсынамыз. Ол тұрғын үй қатынастары нарығына қатысушыларды тәртіпке келтіріп, МИБ-қа бірқалыпты өтуге қолайлы жағдай жасайды», - деді ол.

«iQamal» қауымдастығының президенті Гүлвира Әбетованың пікірінше, әрбір нақты тұрғын үй кешенінің МИБ-ін тікелей құрудан бөлек, үйді басқарудың бұрынғы нысаны – ПИК-тің жойылуы маңызды.

«Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың ТКШ-ның жұмыс істемейтін квазимемлекеттік секторына берілуін тоқтату керек, ол өзінің тиімсіздігін дәлелдеді. МИБ-тер құрылған нысандарда ПИК-ті жою пайызы нөлге тең! Заң жүзінде мекенжай бойынша басқарудың екі түрі: ПИК те, МИБ та жұмыс істейді. Ал ПИК жұмыс істеп тұрған кезде, сотқа жүгінуге құқылы, бұл МИБ-тың жұмысына кедергі келтіреді. Нәтижесінде тұрғындар зардап шегеді», - деді ол.

ТКШ реформасындағы тағы бір маңызды мәселе үйді ұстау тарифіне қатысты. Сарапшы бұл тарифті шығындардың алдын ала сметасын жасамай тұрып бекітеді деп санайды.

«Тарифтердің қайдан алынатыны белгісіз. Ол туралы бірлестік тіркелгеннен кейін ғана талқыланады. Тұрғын үйді ПИК-тен МИБ-қа беру рәсіміне энергетик пен инженер-құрылысшы сияқты мамандар қатыспайды. Көбінесе МИБ-тар үйді алып, содан кейін ғана ғимараттың қандай күйде екеніне көз жеткізеді, ал иелері мұның бәрін өз қаражатынан қалпына келтіруге келіспейді. Негізгі мәселе – қасбет, шатыр және инженерлік жүйелерде», - дейді Гүлвира Әбетова.

Комитет мүшесі Әнуар Ілиясова тағы бір түйінді мәселеге назар аударды. Заңнамаға сәйкес барлық көппәтерлі үй кондоминиум нысаны ретінде тіркелуі тиіс. Алайда реформа жасаушылар мемлекеттік баж қандай қаражат есебінен төленуі тиіс екенін қарастырмаған.

«Индустрия министрлігінің талабы бойынша осы жылы басқарудың жаңа нысанына көшкен барлық көппәтерлі тұрғын үйді тіркеу қажет. Мысалы, Ақмола облысында бұл – 2523 ғимарат. Тіркеудің жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайды. Ал облыстық бюджеттен мұндай көлемде ақша бөлу мүмкін емес, аймақ дотацияда», - деді ол.

Сондай-ақ, Комитет мүшесі нормативтік-құқықтық актілердегі бір-біріне қайшы келетін фактілерге егжей-тегжейлі тоқталды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңда МИБ төрағасы МИБ құрылған үйде тұратын меншік иесі болуы тиіс деген нақты нормативтік нұсқау жоқ. Алайда, министрліктің бұйрығымен МИБ-тің Үлгілік жарғысы бекітілді, оған сәйкес МИБ төрағасы осы көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтердің не үй-жайларының меншік иелері арасынан сайланады. Неліктен ИИДМ және сонымен бірге осы бұйрықты тіркеген Әділет министрлігі заң нормаларында осындайға жол беретіні түсініксіз болып отыр», - деді Әнуар Ілиясова.

Жиынды қорытындылай келе, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, «AMANAT»-тың Мәжілістегі фракциясының мүшесі Артур Платонов заңнаманы жетілдіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді корпоративтік басқару рәсімдерін барынша егжей-тегжейлі нақтылау қажет екенін айтты.

«Индустрия министрлігіне қарама-қайшылықтарды толығымен жою үшін нормативтік актілерге ревизия жүргізуді ұсыну қажет деп есептеймін. Сондай-ақ, заңнамаға құрылыс салушылар мен басқарушы компаниялар арасында инженерлік желілерге билік ету бөлігінде тұрғындарға ескертпестен сөз байласуды болдырмайтын нормалар енгізуді қамтамасыз ету маңызды. Бұдан бөлек, ПИК-ті ғана емес, сонымен қатар ЖШС, ЖК, ББ сияқты басқа да басқару нысандарын мәжбүрлеп тарату тәртібін қарастыру қажет. Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшіру «AMANAT» партиясының ерекше бақылауында болады», - деп атап өтті Артур Платонов.

Серіктес жаңалықтары