Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өтіп жатыр
Көптеген рухани кітаптар әрқашан гуманизм мен бейбітшілік идеяларына толы болды. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Дін әрқашан білім беру қызметін атқарған. Құран, Библия, Тора және басқа да көптеген рухани кітаптар әрқашан гуманизм мен бейбітшілік идеяларына қанық болды. Бұл кітаптар қашанда зорлық-зомбылық пен қақтығыстарды айыптайды, сондықтан қазіргі заманда бұл құндылықтарды адамдарға жеткізу қажет», - деді Қазақстан Президенті Съезге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.