Коронавируспен ауырып жатқан 12 адамның жағдайы ауыр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 12 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

14 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 15 093 адам коронавирус инфекциясынан (–14 887+ және 206 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 238 пациент стационарда, 14 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.  

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 12 адамның жағдайы ауыр,
  • 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.