Қазақстан табиғи ресурстарға бай, оны әділетті бөлу керек - Рим Папасы
Қазақстан табиғи ресурстарға өте бар мемлекет. Десе де, бұл тұста қиыншылықтар жоқ емес. Бұл туралы Рим Папасы Франциск Қазақстан билігінің өкілдері, азаматтық қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мысалы, табиғи ресурстардың әділетсіз бөлінуі бүлік әлемде орын алып отыр. Бұл мәселеде мемлекет пен жекеменшік сектордың міндеті сол қоғамның әр мүшесімен адами қарым-қатынас жасауы керек. Қоғамдағы жекелеген топтың ғана қамын ойламау керек. Әр азаматтың жағдайын дұрыстауға мүмкіндік беру керек», - деді Рим Папасы.
Оның айтуынша, Қазақстан энергетикалық ресурстарды дамытып отыр.
«Сіздердің мемлекет саяси тұрақтылық пен даму жолында ауқымды инвестициялар салып отыр. Ел азаматтарды болашағына сеніммен қарайтынын көрсетеді. Осыдан 30 жыл бұрын әлем елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттыңыздар. Осы бағыттан таймаңыздар. Қазақ халқы өте қонақжай, кең пейілді. Осы үшін алғысымды білдіремін», - деді Рим Папасы.