$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан өлім жазасын толықтай жойғаны үшін алғысымды айтамын – Рим Папасы

Қазақстан өлім жазасын толықтай жойғаны үшін алғысымды айтамын – Рим Папасы
Фото: Reuters

Қазақстан азаматтары еркін ойлайды, бұл елде сөз бостандығы бар. Бұл туралы Рим Папасы Франциск Қазақстан билігінің өкілдері, азаматтық қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның азаматтық қоғамына құрметімді білдіремін. Қазақстандағы үйлесімділікті қазақтың ұлттық аспабы домбыраға теңер едім. Осы жақында домбыра аспабының қазақ үшін мән-маңызы туралы естіп білдім. Орта ғасырда кейбір домбырада ойналған шығармалар бар екен. Бұл туындылар сол кездегі қоғамның, халықтың басынан өткерген жайттарымен, оқиғамен байланысты. Қазақстан батырлар мен ойшылдар, суретшілердің жері. Бұл жер мәдениетке толы.  Қазақ халқы көшпелі ел болған. Тарихта басынан өткерген қиын-қыстау кездерді батылдықпен еңсере білген халық», - деді Рим Папасы.

Оның айтуынша, Қазақстанда Батыс пен Шығыстың үйлесімділі бар. Елдегі 150-ден астам этностық топтың, 80-нен астам тілдің әрқайсы өз ерекшелігін сақтап отыр.

«Қазақстан заңында зайырлы мемлекет екені айтылған. Қазақстан өлім жазасын толықтай жойғаны үшін алғысымды айтқым келеді. Бұл елде азаматтардың ой және сөз еркіндігі бар екен. Қоғамның әр мүшесі тең құқылы. Азаматтық қоғам әлеуметтік осал санаттың қамын ойлайды», - деп баға берді Рим Папасы.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Рим Папасы