Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында қарсы алды

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.

Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.