Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қадірлі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады.

Айта кетейік, 14-15 қыркүйекте елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді.