Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өскеменде Қаңтар оқиғасына қатысқан 13 адамға сот үкімі шықты. Олардың көпшілігі шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Noks.kz жазуынша, 9 қыркүйекте сот Қаңтар оқиғасының 13 қатысушысына қатысты үкім шығарды.
«Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі, 296-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу, есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша қаралды», - деп хабарлады ШҚО прокуратурасы.
Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, бес сотталушы үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру, ал жеті айыпталушы төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бір адам бұрын істеген қылмысын қайталағандықтан, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.