Алматыда жоғалған 15 жастағы Нигерия азаматшасы табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірім анасымен жанжалдасып үйінен кетіп қалған

фото: polisia.kz

Алматыда із-түссіз жоғалған 15 жастағы Нигерия азаматшасы табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Әуезов аудандық Полиция басқармасының хабарлауынша, 12 қыркүйекке қараған түні қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын 15 жастағы оқушы жоғалып кеткен.

«Түнгі сағат 01:40 минутта полицияға қоңырау шалған әйел адам қызы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмағанын айтты. Белгілі болғандай екеуінің арасында жанжал болған. Кәмелетке толмаған баланың жоғалуына байланысты арнайы іздестіру тобы құрылды. Абырой болғанда, қыз табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды», – деді аталған бөлімшенің бастығы Елнұр Құдіретбаев.