Қазақстанда неке қиған жұптар саны бір жылда едәуір азайып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірлік тұрғыдан Павлодар, Қарағанды ​​және Ақмола облыстарында ажырасқандар саны көп тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 55,1 мың жұп неке қиды, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,2%-ға аз көрсеткіш. Қалаларда некеге тұру саны бір жылда 5%-ға, яғни 42,6 мыңға дейін, ал ауылдық жерлерде бірден 38,1%-ға, яғни 12,5 мыңға дейін қысқарған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ranking.kz зерттеуінше, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ажырасқандар саны 9 мыңға жеткен, дегенмен бұл бір жыл бұрынғыдан 5 пайызға аз көрстекіш. Қалаларда ажырасқандар саны жылына 3,1%-ға, яғни 7,1 мыңға дейін, ауылдық жерлерде 11,8%-ға, яғни 1,9 мыңға дейін азайған.

«Өңірлік тұрғыдан алғанда, неке қиғандар саны Алматыда көп тіркелді: 7,1 мың неке, бұл – бір жыл бұрынғыдан 14,7%-ға аз. Сондай-ақ халқы тығыз орналасқан Түркістан (6 мың неке, бір жыл бұрынғыдан 16,9% аз) және Алматы (5,6 мың, бір жыл бұрынғыдан 17,1% аз) облыстары да алдыңғы үштікте тұр. Неке қиғандар саны Солтүстік Қазақстан облысында аз тіркелген: небәрі 1,5 мың, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,6% көп», - дейді сарапшылар.

Ажырасқандар саны бойынша тағы да Алматы қаласы (1,2 мың) алда тұр. Сондай-ақ Алматы (1 мың) және Қарағанды ​​(937) облыстарында ажырасқандар саны көп тіркелген. Ажырасқандардың ең аз саны Қызылорда облысында: небәрі 201 тіркелген.

«Елімізде неке қию көрсеткіші әр 1000 адамға шаққанда 6,89-дан 5,77-ге дейін төмендеді. Ең жоғары көрсеткіш елордада тіркелді: әр 1000 адамға 7,99. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Атырау облысы да кірді», - делінген зерттеуде.

Ажырасу көрсеткіші әр 1000 адамға шаққанда 1-ден 0,94-ке дейін төмендеді. Өңірлік тұрғыдан Павлодар, Қарағанды ​​және Ақмола облыстарында ажырасқандар саны көп екені анықталды.