Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті ірі көлемде пара алу кезінде ұсталған болатын

фото: astana.sud.kz

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Х.Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы сотының хабарламасында.

Жоғарғы сот 17 тамыз күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімнің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталғанын хабарлаған болатын.