Ақтауда жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдер есепке алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында бір топ жасөспірім түн ішінде төбелес шығарған

фото: egemen.kz

Ақтауда жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдер есепке алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылдың 9 қыркүйегінде кәмелетке толмағандар 31 «а» шағын ауданындағы 21-үйдің маңында төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Тұрғындардың мазасыз алып, түн тыныштығын бұзып, төбелес шығарған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды», - деп көрсетті облыстық полиция департаменті.

Ақтау қаласы Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 437 және 442 баптарымен әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандар есепке алынды.