Қазақстанда өткен тәулікте 321 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 15 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: aa.com.tr

Қазақстанда өткен тәулікте 321 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 59,
Алматы қаласында - 31,   
Шымкент қаласында – 1,
Ақмола облысында – 39,
Ақтөбе облысында – 6,
Жетісу облысында - 3,
Атырау облысында - 7,
Шығыс Қазақстан облысында - 8,
Абай облысында - 4,
Жамбыл облысында - 4,
Батыс Қазақстан облысында - 37,
Қарағанды облысында - 40,
Ұлытау облысында - 3,  
Қостанай облысында - 30,
Қызылорда облысында - 1,
Маңғыстау облысында – 9,

 

Павлодар облысында - 16,
Солтүстік Қазақстан облысында - 22,
Түркістан облысында – 1
. .

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 390 908 адамға жетті. 

8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 16 419 адам коронавирус инфекциясынан (–16 159+ және 260 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 358 пациент стационарда, 16 061 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

15 адамның жағдайы ауыр,

6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.