Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың солтүстік аумағында жаңбыр жауады

Фото: primpogoda.ru

Синоптиктер 7 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде найзағай ойнап,  жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, басым бөлігінде жел күшейіп, күндіз солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл соғады», - делінген хабарламада.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облыстарының оңтүстігі мен шығысында және батысында төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты болып, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыста, батыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 19-21, күндіз 36-38 градус жылы болады.