Қауіпті аймақтан 11 мың адам эвакуацияланды
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясына кіретін Ганьцзы-Тибет автономиялы округінің Лудин уезін қиратқан 6.8 магнитудалық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 66 адамға жетті. Қазір құтқарушылар 11 мыңнан астам адамды эвакуациялауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай сейсмологиялық желілері орталығының мәліметтерінше, жерасты дүмпуінің ошағы 29,59 градус солтүстік ендік, 102,08 градус шығыс бойлық бағытында жатты. Тереңдігі 16 км.
ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин барлық күштерді құтқару жұмыстарына жұмылдыруды тапсырды. Ол қазіргі таңда ең басты мақсат адамдарды құтқару болуы керектігін айтты.