Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Мұхиден Әбілдинов тағайындалды
Елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов мерзімінен бұрын қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның жалғыз акционері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.