Алматыда тау бөктерінде тұтанған табиғи өртті сөндіруге 100-ден астам адам жұмылдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қызыл жалынды ауыздықтау үшін «Ермак» өрт сөндіргіш құралдары қолданылды

Бейнеден кадр

Алматыда тау бөктерінде тұтанған табиғи өртті сөндіруге 100-ден астам адам жұмылдырылды. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің біріккен жасағы Кеңсай зираты маңында шыққан өртті жоюда. Қызыл жалынды ауыздықтауға жүзден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды.

«Өртті сөндіруге тау беткейі биіктігінің әртүрлі болуы, желдің екпіні мен биік шөптер күрделендірді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін «Ермак» өрт сөндіргіш құралдары қолданылды. Тау баурайындағы от қабылданған шаралардың арқасында кешкі сағат 17:01-де оқшауландырылды, өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі жойылды. Айта кетейік, Кеңсай-2 зиратының аумағында құрғақ шөп жанды. Қорымдарға зақым келген жоқ», - деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Тегтер: