«AMANAT» партиясы жанындағы кеңесте медицина кадрларын даярлау мәселесі талқыланды

Автор: Еркежан Айтказина

Партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына қатысты 30 бөлім кіреді

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда денсаулық сақтау саласына қатысты арнайы бөлім арнады. Онда кадр тапшылығы, ауылды жерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізу және медицина кадрларын даярлау мәселесі туралы тапсырма берді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты – Президент жолдауда айтқан тапсырманы талқылау. Денсаулық саласын қайта қаржыландыру бойынша негізгі бағыттарды анықтау. Бұл бағытта Мәжілісте 3 жылдың бюджеті қаралған болатын. Енді жоғарыда аталған тапсырмаларды орындауға бөлінген қаражат қаншалықты жеткілікті. Осы мәселе күн тәртібінде тұр.

Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына қатысты 30 бөлім кіреді. Осы бағыттардың орындалуы жайында да айтылды.

Үшінші мәселе, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысына қатысты болып отыр. Оның ішінде қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс жұмысының сапасы, қызметкерлердің білім-білігін арттыру мәселесі талқыланды. Өйткені, Нұр-Сұлтан қаласының партиялық активінен және қалалық мәслихат депуттатарынан аталған мәселеге қатысты шағымдар түсуде», - дейді Мәжіліс депутаты.