ШҚО-да жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті Ертіс өзенінен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, Өскемен қаласында тұратын 26 жастағы қыз 19 тамыз күні жоғалып кеткен.

Сол күні қыздың анасы полицияға қоңырау шалған.

Белгілі болғандай, ол Мирный кентіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Алайда қызды дереу табу мүмкін болмады.

«3 қыркүйек күні жоғалып кеткен қыздың денесі Ертіс өзенінен табылды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.