Өрттен дүкеннің жеті қызметкері зардап шеккен
Қостанайда аңшылық дүкеніндегі өрттен қаза тапқандар саны артты. Бұған дейін ТЖМ 2 адамның қайтыс болғаны туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Бас прокуратурасы Қостанай қаласындағы «Оружейная палата» аңшылық дүкеніндегі өрттің зардабы туралы мәлімет таратты.
«3 қыркүйекте Қостанай қаласында «Оружейная палата» аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды, ал төртеуі қаза тапты», - делінген ресми хабарламада.