Қостанай облысында өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы кейінге шегерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Президент өңірге өрт сөндіру жұмыстарымен танысу үшін бармақ

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысындағы өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «БОРТ N1» Telegram арнасына сілтеме жасап. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа өрт сөндіру жұмыстарымен танысу үшін барады», - делінген хабарламада.