Рамзан Қадыров Шешенстан басшылығынан кетуі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бір қызметте тым ұзақ отырғанын айтты

Фото ашық дереккөзден

Шешенстанды 15 жылдан бері басқарып келе жатқан Рамзан Қадыров бұл қызметтен кетуі мүмкін. Өзінің Telegram-каналы арқылы халқына үндеу арнаған ол басшылықта тым ұзақ уақыт отырғанын мәлімдеді.

«Достар, Ресей Федерациясындағы субъект басшыларының арасында ең ұзақ ел басқарған басшы мен екенмін. Мұны өзім де байқадым, ұзақ отырыппын. Ұзақмерзімді демалысқа лайықтымын. Мені түсінесіздер және қолдайсыздар деп үміттенем», - деді ол.

Рамзан Қадыров 2007-2011 жылдар аралығыенда Шешенстан президенті болды. Кейін бұл лауазымды республика басшысы деп өзгертіп, күні бүгінге дейін елді басқарып келеді. Ресейлік тәуелсіз БАҚ-тар Қадыров кетсе орнына орынбасары Адам Делимханов тағайындалуы мүмкін екенін жазуда.