Елімізде балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілмек

Автор: Azattyq Rýhy

Президенттің тапсырмасы бойынша тәрбиешілердің жүктемесі азайтылады

Фото ашық дереккөзден

Елімізде балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысын көбейтуді және жүктемелерін азайтуды тапсырды. Қазіргі уақытта балабақшаларда 1 педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақылары 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен», - деді министр.

Министрдің дерегінше, балабақшаға баруға ниет етіп, кезекке тұрғандарды есепке алғанда 2-6 жастағы балалардың 88 пайызы, ал 3-6 жастағылардың 98 пайызы балабақшамен қамтылған.

«Осыған орай Президенттің тапсырмасы бойынша тәрбиешілердің жүктемесі азайтылады және балаларды балабақшамен қамту бойынша қосымша шаралар қолданылады. Бұған қоса, балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, жалақылары көбейтіледі», - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.