Павлодар қаласының тұрғынынан 18 қап көкнәр тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды

фото: Павлодар облыстық ПД

Павлодар қаласының тұрғынынан 18 қап көкнәр тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласының тұрғыны қаладағы дүкендердің бірінде көкнәр сатып алған. Одан үй жағдайында жеке пайдалану және өткізу үшін ацетилденген апиын дайындаған.

«Дүкен иесі Павлодар қаласының жеке кәсіпкерлерінен көкнәрді көтерме бағамен сатып алған және есірткіге тәуелді адамдарға бір килограмын 12 мың теңгеден сатқан. Полиция қызметкерлері дүкеннен әрқайсысының салмағы 25 кг болатын көкнәр салынған 18 қапты тәркіледі, олар бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301 – бабы - улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тегтер: