Маңғыстаулық полицейлер 152 келі бекіре балығын тәркіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл факті бойынша тергеу амалдары басталды

Маңғыстаулық полицейлер 152 келі бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылдың 31 тамызы күні сағат 22:50 шамасында Маңғыстау облысы ПД полиция ротасының қызметкері «Ақтау—Форт-Шевченко» тас жолы бойында «Mitsubishi Delica» автокөлігін тоқтатқан.  

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы 152 келіні құрайтын 34 дана бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін кінәліге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.