$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бурабайда ресейлік әйелді 50-ден астам адам бір тәулік бойы іздеді

Ол Ресейден 31 тамыз күні келген

Бурабайда ресейлік әйелді 50-ден астам адам бір тәулік бойы іздеді

Бурабай ауданында ресейлік әйелді 50-ден астам адам бір тәулік бойы іздеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар, еріктілер, полицейлер бір тәулік бойы Омбыдан Бурабайға демалуға келген әйелді іздеген.

Сонымен, 31 тамыз күні Ресей Федерациясының 1986 жылы туылған азаматшасы «Альтаир» қонақ үйінде демалғандығы және де сағат 23:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткені белгілі болды. «Дабыл» сигналы бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін шамамен 43 адам жұмылдырылды, 16 адам Ақмола облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Щучинск қаласы жасағының қызметкерлері 3 бірлік техника, Бурабай ауданы ТЖБ екі қызметкері, полиция бөлімінен 10 қызметкер, Lider.kz еріктілер ұйымынан 6 адам, кинологтар 1 бірлік, 2 қызметкер және «Арлан» атты іздестіру-құтқару иті.

1 қыркүйек күні Ақмола облысы ТЖД күшімен әйел табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары