«Қазгидромет» РМК синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Алдағы үш күнде еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде күн күрт суытады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жаңа ауа массалары циклон ішіне қарай ойыса түседі. Елдің оңтүстік жартысында әлсіз циклон салдарынан күн құрғақ және ыстық болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Алдағы демалыс күндері:
- батыста түнде +10+18 градустан+8+16°С-қа дейін, күндіз +23+31 градустан +17+25°С-қа,
- солтүстік-батыста түнде +15+23 градустан 10+18°С-қа дейін, күндіз +27+35-тен +21+28 °С-қа дейін,
- елдің солтүстігінде +15+23 градустан 8+16 °С-қа дейін, күндіз +25+35-тен +17+25°С-қа дейін,
- республиканың орталығында негізгі фон түнде +10+22°С, күндіз +30+38°С-қа төмендеуі мүмкін.
- еліміздің шығысында түнде +4+15 градустан +10+18°С-қа дейін, күндіз +22+27 градустан +30+38°С-қа дейін температура көтерілуі мүмкін.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +15+25°С, күндіз +30+40°С болады.