Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны біршама көбейді

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 11 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: oblgazeta.ru

Қазақстанда өткен тәулікте 431 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 66,
Алматы қаласында - 34,  
Шымкент қаласында – 3,
Ақмола облысында – 53,
Ақтөбе облысында – 17,
Алматы облысында - 4,
Жетісу облысында - 7,
Атырау облысында - 11,
Шығыс Қазақстан облысында - 9,
Абай облысында - 3,
Жамбыл облысында – 13,
Батыс Қазақстан облысында - 44,
Қарағанды облысында - 46,
Қостанай облысында - 41,
Қызылорда облысында - 0,
Маңғыстау облысында - 13,
Павлодар облысында - 27,
Солтүстік Қазақстан облысында - 36,
Түркістан облысында - 2. 

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 389 120 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 454 адам аурудан емделіп шықты.

Атап айтқанда:

Алматы қаласында - 38,
Атырау облысында - 21,
Шығыс Қазақстан облысында - 21,
Абай облысында - 21,
Жамбыл облысында – 112,
Батыс Қазақстан облысында - 21,
Қарағанды облысында - 143,
Ұлытау облысында - 1,
Қызылорда облысында - 1,
Маңғыстау облысында - 21,
Павлодар облысында — 54.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 358 340 адамға жетті.

2 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 432 адам коронавирус инфекциясынан (–17 096+ және 336 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 439 пациент стационарда, 16 993 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 11 адамның жағдайы ауыр,
  • 9 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.