Ұлттық банк 2 қыркүйекке арналған доллар бағамын белгіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Ресей рублінің ресми бағамы 7.82 теңге болды

Фото: kapital.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі 2 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни жұма күні доллардың ресми бағамы сәл төмендеп, 471.43 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, америкалық валютаның 1 қыркүйектегі ресми бағамы 472.21 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7.82 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 470 теңгеден сатып алынып, 475 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 470 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 471.43 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 472.7 (еуро)

TRY / KZT – 25.91 (түрік лирасы)

RUB / KZT – 7.82 (ресейлік рубль)

CNY / KZT – 68.34 (қытай юані)

KGS / KZT – 5.84 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.3 (өзбек сомы).