Елде ыстық су, газ бен электр энергиясын тұтыну шектеледі
Tagesschau қызметі 1-қыркүйектен бастап Германияда энергия үнемдеуге қатысты жаңа қаулының бірінші бөлімі күшіне енгенін жариялады. Бұл туралы Azattyq Ruhy БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қаулыда бүкіл ел аумағында газ және электр энергиясын тұтынуды азайту шаралары көрсетілген. Бұдан былай Германияда қоғамдық орындар мен кеңселерде температура 19 градустан аспайды, ал дәліздер мен холлда жылыту жүйесі өшіріледі.
Тек аурухана, қарттар үйі, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекемелер, мектеп пен балабақшаларға мұндай шектеулер енгізілмейді.
Дүкендерге жылуды сақтау үшін есікті жауып жүру ұсынылды. Сонымен қатар түнгі уақытта ескерткіштер мен ғимараттардың жарығы өшіріледі. Қоғамдық орындарда қол жууға тек су суық беріледі, ал бассейн мен спорт залдарына да ыстық су беру тоқтатылады.