Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға сарапшылар жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар қытай ғалымдарымен бірлесіп 2019nCov вирусына қарсы күрес шараларын әзірлейді

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрін зерттеу үшін Қытайға сарапшылар жіберді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі. Бұл жайында ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мен жаңа ғана әуежайда болдым. ДДҰ- ның халықаралық сараптау миссиясының озық тәжірибелі тобы Қытайға аттанды. Сарапшылар тобын тәжірибелі маман Брюс Эйлворд басқарады», - деп жазды ұйымның Бас директоры.

Соңғы мәліметтер бойынша, қауіпті індеттен 908 адам көз жұмды. Ал, әлем бойынша 40 мың 158 адамның вирусты жұқтырғаны анықталған.