Бір тәулікте вирусты 3 мыңнан аса адам жұқтырған
Коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 908 адамға жетті, ал вирусты жұқтырғандар саны 40 мыңнан асып жығылады, деп хабарлайды РИА Нововсти.
Бұл туралы бүгін КХР-дың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Бір тәулік ішінде вирусты жұқтырғандар саны 3062-ге жетсе, 632 адам ауруханадан жазылып шыққан. Ал, 97 адам мерт болды.
Қазіргі уақытта 187 мыңнан астам адам дәрігерлердің бақылауында.