Президент Үкіметке еліміздегі жылу және су желілерін жаңартуды тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Республикада электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі тозып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Үкіметке еліміздегі жылу және су желілерін жаңартуды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және сумен жабдықтау желілерінің жартысына жуығы тозған. Тарифтерді жасанды тежеу ​​электр жарығын өшіруге, түрлі апатқа әкеп соғады және соның салдарынан азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді», - деді Мемлекет басшысы.

Монополиялық нарықтарда «Инвестицияға айырбас тарифі» жаңа тарифтік саясатына көшу қажет. Президент электр желілері мен қуат көздерінің тозуын кем дегенде 15 пайызға азайтуды тапсырды.