Келер жылы 100 мың жасқа жұмыс беруді тапсырды
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», - деді Президент.