Президент 1 қыркүйекке дейін елге жеткізілген көліктерге қатысты тапсырма берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алымды біржолғы тәртіппен қолдануды ұсынды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көліктерді заңсыз әкелудің барлық арналарын жабу керектігін тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Алдағы уақытта көліктерді заңсыз әкелудің барлық арналарын жабу үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автомобильдерді реттеу қажет.

Оларды жария ету үшін кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алымды біржолғы тәртіппен қолдануды ұсынамын.

Бұл шара іздеуде емес және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.